Спорт

Елена Рыбакина Токиодағы беделді турнирде бақ сынайды

Елена Рыбакина Токиодағы беделді турнирде бақ сынайды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Жапония астанасында өтетін WTA 500 санатындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды Ozgeris.info

26 қазан мен 1 қараша аралығында өтетін жарыста Рыбакинадан бөлек, әлемдік теннистің бірқатар танымал өкілі өнер көрсетеді. Олардың қатарында жапониялық Наоми Осака, швейцариялық Белинда Бенчич, италиялық Жасмин Паолини, украиналық Марта Костюк және ресейлік Диана Шнайдер бар.

Сондай-ақ турнирге Ива Йович, Сорана Кырстя, Александра Эала, Элизе Мертенс, Лейла Фернандес және Мария Саккари секілді теннисшілер қатысады.

Айта кетейік, Токиодағы жарыстың қазіргі чемпионы – Белинда Бенчич. Швейцариялық теннисші өткен жылғы финалда чехиялық Линда Носкованы 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктірген.

Барлық жаңалық