Қоғам

Мейірман Шакеев соғыс аймағындағы балалардың елге оралғанын хабарлады (ВИДЕО)

Мейірман Шакеев соғыс аймағындағы балалардың елге оралғанын хабарлады (ВИДЕО)

Заңгер Мейірман Шакеев балалардың Қазақстанға аман-есен оралғанын хабарлап, олардың елге қайтуына атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Сыртқы істер министрлігінің өкілдеріне және балалардың елге оралуына көмектескен барша азаматқа ата-аналардың атынан және өз атынан ризашылығын жеткізді.

Сондай-ақ Мәскеу әуежайында балаларды күтіп алып, шығарып салуға көмектескен Ягүлмира мен Қуандыққа ерекше алғыс айтты.

«Бұл жай ғана қайту емес. Бұл  ата-ананың көз жасы, отбасының үміті, балалардың өз еліне оралуы», - деп жазды Мейірман Шакеев.

Оның айтуынша, балалардың әрқайсысының өз елінде, ата-анасының жанында болуы  үлкен қуаныш.

Сонымен қатар ол құзырлы органдардан балалардың есін жиып, қалыпқа келуіне мүмкіндік беріп, әзірге оларды мазаламауды сұрады.

Барлық жаңалық