Қоғам

«Қайтыс болғандарын білмейді»: Ақбаян Мұқанғалиева алғаш рет сұхбат берді

«Қайтыс болғандарын білмейді»: Ақбаян Мұқанғалиева алғаш рет сұхбат берді

Атыраудағы қанды қылмыстан ата-анасы мен екі бауырынан айырылған Ақбаян Мұқанғалиева алғаш рет жағдайын айтып, сұхбат берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

KTK мәліметінше, Ақбаян ата-анасы, ағасы мен әпкесінің қаза тапқанын әлі білмейді. Мамандар ауыр хабарды әзірге айтпауға кеңес берген.

"Қайда, ауылда ма?" деп сұрайды. Ауылға біржола барғысы келеді. Бауырларын сұрағанда, Түркияда деген ғой. "Қой, Шалқар деген айтты ғой, ауылда деп айтты ғой, апарам деп айтты ғой" дейді. Әлі дайын емес деген, сондықтан айтпай жүрміз. Айтқан жағдайдың өзінде қандай күйде болады, қайтып ауыртып аламыз ба деген сияқты ғой енді. Күтейік енді, аяғына тұрып алсын дегенге келтіріп тұрмыз енді", - дейді Ақбаянның әпкесі Әсила Мұқанғалиева.

Қазір әйел туыстарының үйінде ем қабылдап, психологиялық оңалтудан өтіп жатыр. Ол балалар үйіне уақытша орналастырылған бес баласын аптасына екі рет көруге барып, оларды өз қамқорлығына қайтаруды армандайды.

“Кішкентай жылайды, "алып кетші" деп. Үлкендері енді түсінеді. Иә, психологқа барып жүрмін. Таңертең, аптасына екі рет. Басқа ешқайда қаралып жатқан жоқпын. Басым мазаласа, кел деді. Бірақ қатты ауырып жүргем жоқ“,– деді ол. 

 

Барлық жаңалық