Шымкентте орын алған жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастап кеткенін мәлімдеді, деп жазады ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Желіге тараған бейнежазбадан ондаған ер адамның топтасып, бір-бірімен қақтығысқаны байқалады. Қарапайым жанжал бір сәтте-ақ жаппай төбелеске ұласқан.
Құзырлы органдардың айтуынша, бұл жағдай 16 тамыз күні болғанымен, қоғамға тек қазір ғана белгілі болды.
Полиция дерегінше, жаппай төбелеске қатысқандардың барлығы анықталып, қамауға алынған.
“Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Барлық мән-жай анықталған соң, оқиғаға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңға сәйкес шара қолданылатын болады”, – деп хабарлады Шымкент ПД өкілдері.