Жаңалықтар

Шымкентте дәрігерлер баланың ішегінен магнит пен металл заттар алып шықты

Шымкентте дәрігерлер баланың ішегінен магнит пен металл заттар алып шықты

Бала ішінің қатты ауырсынуына шағымданып, қалалық клиникалық балалар  ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен жеткізілді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Баланың анасының айтуынша, бастапқыда оның іші ауырып, уақыт өте келе жағдайы жақсармаған.

Уақыт өте келе жағдай жақсармады, іштің ауыруы басылмады. Сондықтан көмек сұрап, баланы ауруханаға апардық, – деді ол.

Қабылдау бөлімінде кезекші хирургтар баланы тексеріп, іш қуысына рентгенография жасады. Тексеру нәтижесінде ішектен бөгде заттар анықталған.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың ішегінен магнит, бұранда және металл элементтер табылған. Осыдан кейін бала балалар хирургиясы бөліміне жатқызылып, оған шұғыл операция жасалды.

Операция кезінде ішектен магнит, бұранда және алтыбұрышты гайка алынды, – деп хабарлады мамандар.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық. Ол дәрігерлердің бақылауында болып, қажетті ем қабылдап жатыр.

Барлық жаңалық