Жаңалықтар

Қазақстанда зираттар цифрландырылуда: Jerleu платформасы өткенмен байланысты жаңғыртады

Қазақстанда зираттар цифрландырылуда: Jerleu платформасы өткенмен байланысты жаңғыртады

Қазақстанда зираттарды цифрландыру арқылы өткенмен байланысты қалпына келтіруге бағытталған жаңа онлайн-жоба іске қосылды. Jerleu деп аталатын бұл платформа – жерленген адамдар туралы ақпаратты іздеу мен сақтау ісінде нағыз технологиялық жаңалық болып отыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

 

Жобаның авторы жариялаған ақпаратқа сәйкес, Jerleu – бұл тек зираттар тізімін ұсынатын сервис емес, ол – ата-бабалармен байланысты қайта орнатуға мүмкіндік беретін кешенді цифрлық жүйе. Платформа арқылы пайдаланушылар туыстарының немесе ата-бабаларының зираттарын оңай тауып, олардың қайда жерленгенін, туған-күні мен қайтыс болған күнін біле алады. Сонымен қатар, зират карталары, қабір суреттері және жерленген адамдар жайлы мәліметтер қолжетімді болады.

 

Платформа болашақта шежіре (отбасылық шежіре ағашын) құрастыру функциясын да ұсынбақ. Бұл мүмкіндік арқылы қолданушылар туыстарын тіркеп, отбасы тарихын жинап, оны цифрлы түрде сақтай алады.

 

Jerleu сондай-ақ онлайн-қызметтерді де ұсынады: қабірді күту, тазалау, көгалдандыру, ескерткіш орнату сияқты жұмыстарға тапсырыс беруге болады.

 

Қазіргі таңда jerleu.kz сайтында фамилия арқылы іздеуді бастауға болады. Жоба авторларының айтуынша, пайдаланушылар бұл платформадан көптеген қызықты және маңызды мәліметтер таба алады.

Барлық жаңалық