💰 Экономика

Қазақстан үкіметі Ислам даму банкінен 1,1 млрд доллар қарыз алатын болды

Қазақстан тағы бір ірі қаржылық келісімге қол қойды. Үкімет Ислам даму банкінен 1,1 миллиард доллар көлемінде несие алады. Бұл ақша еліміздегі индустриялық аймақтарға жол, су, жарық сияқты инфрақұрылым тартуға жұмсалмақ, деп жазады Ozgeris.info.

Бұл туралы бүгін премьер-министр кеңесшісі Нұрлан Байбазаров пен ИДБ президенті Мұхаммед Сүлейман әл-Джассердің кездесуінде келісім жасап, айтты. Жоспар бойынша, осы жоба арқылы 1,6 триллион теңгеден астам инвестиция тартылып, 16 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылуы тиіс. 

Тағы бір қызығы, тараптар жалпы сомасы 8 миллиард доллардан асатын жаңа жобаларды бірге жүзеге асыруға келіскен.

Айта кетейік, бұған дейін Ислам даму банкі Қазақстанға 1,15 млрд доллар несие берген еді. Ол қаражатқа 8 су қоймасы мен 115 суару каналы салынып, жаңартылуы тиіс.

 

Барлық жаңалық