Жаңалықтар

«Қазақстан темір жолы» компаниясында жаңа басшылық

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне Талғат Алдыбергенов тағайындалды. Бұл туралы ozgeris.info сайты хабарлайды. 

 

Жаңа төрағаны ұжымға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ресми түрде таныстырды.

 

Теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар Талғат Алдыбергенов — өз ісінің маманы. Ол Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын үздік аяқтаған. Сонымен қатар Ресей Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының (РАНХиГС) экономика магистрі дәрежесіне ие. Экономика ғылымдарының кандидаты.

 

Мамандығы бойынша еңбек жолын қарапайым қызметтерден бастаған Алдыбергенов уақыт өте келе басшылық лауазымдарға көтерілген. 2024 жылдан бері ол «ҚТЖ» басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.

 

Жаңа басшы Нұрлан Сауранбаевтың орнын басты. Еске салайық, Сауранбаев 30 маусымда Қазақстан Республикасының Көлік министрі болып тағайындалды.

Барлық жаңалық