Қоғам

Қант тұтыну соңғы тоғыз жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

Қант тұтыну соңғы тоғыз жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

2026 жылдың II тоқсанында жан басына шаққандағы құмшекер тұтыну көлемі 5,1 келіден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға, ал биылғы I тоқсанмен салыстырғанда 11%-ға көп,деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Аталған көрсеткіш 2017 жылдың III тоқсанынан бергі кез келген тоқсандағы ең жоғары деңгей болды. Дегенмен 2018 жылдың II тоқсанында да соған жақын көрсеткіш тіркеліп, ол кезде жан басына шаққанда 5,1 келіге жуық қант тұтынылған.

Айта кету керек, қант тұтынуда белгілі бір маусымдық ерекшелік бар: әдетте жылдық ең жоғары көрсеткіштер шілде-қыркүйек айларына сәйкес келеді. Ал тек II тоқсандарды салыстырсақ, қазіргі көрсеткіш кемінде 2012 жылдан бергі ең жоғары деңгей болып отыр. Дегенмен сегіз жыл бұрын да осыған ұқсас нәтиже тіркелген.

2012 жылдан бері шілде-қыркүйек аралығында жан басына шаққандағы қант тұтыну көлемі 5 келіден үш рет асқан: 2015, 2018 және 2026 жылдары.

Құмшекерден бөлек, шақпақ қант тұтыну көрсеткіші де бар. 2026 жылдың II тоқсанында оның көлемі жан басына шаққанда 97 грамды құрады. Бұл көрсеткіш бір жылда 23%-ға, тоқсан ішінде 5%-ға өскен. Шақпақ қант тұтыну көлемі 2022 жылдың наурызынан бергі ең жоғары деңгейге жетті.

Осылайша, құмшекер мен шақпақ қантты қоса есептегенде, 2026 жылдың II тоқсанында жан басына шаққандағы қант тұтыну көлемі шамамен 5,2 келіні құрады. Құмшекер тұтынудың басым болуына байланысты бұл көрсеткіш те 2017 жылдың III тоқсанынан бергі ең жоғары деңгей болды.

Барлық жаңалық