Желіде даңқты боксшы Геннадий Головкиннің видеосы тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Спорт журналисі Әділет Жұмаділ жеке парақшасына спортшының жұмыс барысынан кадрды жүктеді.
"Геннадий Головкин Айбек Оралбайдың жекпе жегін көруге келді", деп жазды журналист.
Осыдан кейін көпшіліктің көзі ҰОК басшысының шашына түскен.
"Ойбу, құрдас, шаш қайда кетті?", "Головкиннің шашы түсіп қалған ба", "Шашы түсіп, таз болып қалыпты ғой", "Қойыңдар, біздің Гена емес пе", "Легендамыз қартайы қалыпты", "Братан шаш ектіріп жатыр екен", деді олар.