Қоғам

«Қолға қарап бал ашамын»: Жазира Байырбекова ел естімеген құпиясын ашты

«Қолға қарап бал ашамын»: Жазира Байырбекова ел естімеген құпиясын ашты

Танымал әнші Жазира Байырбекова ел білмейтін құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Видеода Жазира Байырбекова келінімен әзілдесіп, оның алақанына қарап бал ашқандай болған.

«Қолдарыңды беріңдер, қолға қарап бал ашып беремін. Сенің күйеуің тамаша адам екен. Сенің енең  одан да мықты екен. Сенің енеңдей ене өмірде жоқ екен. Қайдан тапқансың? Мына енең деген масқара мықты адам екен. Енесі Жазира Байырбекова өте тамаша жан. Қыздар, сендерге  де Асёканың енесіндей ене бұйырсын», – деді әнші.

Желі қолданушылары ене мен келіннің әзілі мен сыйластығына сүйсініп, пікірлерін жазды.

«Өзіңді мақтамасаң, ешкім мақтамай жүр ме?», «Айналдырған бір ұлы бар, жақсы ене болады ғой», «Керемет ене», «Бізге де жұғысты болсын», – деді оқырмандар. 

Барлық жаңалық