Шоу-бизнес

Ерболат Жанабылов тағы да сотқа барады: Полиция атышулы блогерге қатысты мәлімдеме жасады

Ерболат Жанабылов тағы да сотқа барады: Полиция атышулы блогерге қатысты мәлімдеме жасады

Блогер Ерболат Жанабылов жұбайы Эльмира Төлегеновамен болған тұрмыстық жанжалдан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция мәліметінше, ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалған, деп жазады Ozgeris.info.

30 қыркүйекте құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Эльмира Төлегенованың Threads желісіндегі жазбасын анықтаған. Видеода ол жұбайымен арада жанжал болғанын айтып, қолындағы қызарған іздерді көрсеткен.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, мән-жайды тексерген. Нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал болғаны анықталған. Алайда Эльмира Төлегенова арыз жазудан бас тартқан.

Соған қарамастан, Ерболат Жанабыловқа қатысты отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер бойынша әкімшілік материал толтырылды. Ол жауапкершілікке тартылып, іс материалдары сотқа жолданды.

Полиция бұған дейін блогердің пробациялық бақылау талаптарын да бұзғанын хабарлады. Атап айтқанда, 28 тамыз күні сағат 22:00-ден кейін оның көрсетілген тұрғылықты жерінде болмағаны анықталған.

Бұл дерек бойынша да тиісті материалдар сот қарауына жіберілді.

Барлық жаңалық