Шоу-бизнес

«Қандай шай ішейін?»: Димаш Құдайберген Николай Басковтан ақыл сұрады

«Қандай шай ішейін?»: Димаш Құдайберген Николай Басковтан ақыл сұрады

Әнші Димаш Құдайберген желідегі парақшасында күтпеген жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info

Ол студияда ән жазу барысында дауысын қыздырып алуды жөн көріп, әйгілі Ресейлік әнші Николай Басковтан кеңес сұраған. 

"Студияда дауысымды қыздырып алғаннан кейін шай ішуді шештім. Айтуларынша, Николай Басков — Threads-тегі ең басты адам. Николай Викторович, дауысқа қандай шай ұсынар едіңіз? Бәрібір алтын дауыстың иесінен сұрау керек қой", - деп жазды ол. 

Николай Басков: "Сенің керемет дауысыңа шайдың да қажеті жоқ" деп жазған. 

Димаштан мұндайды күтпеген оқырмандар түрлі пікір қалдырды. 

"Димашжан, қайдағы Басков? Олардан биіксің ғой", "Жаным-ау сен, өзіңнің кім екеніңді білсең", "Қош келдің Димашжан", - деп жазды көпшілік. 

Барлық жаңалық