Орал қаласында 32 жастағы Тасқала тұрғынына 5 жастағы қызды зорлады деген айыппен сот үкімі жарияланды. Іс мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі межрайондық сотта қаралды деп хабарлайды Оzgeris.info.Айыпталушы екі бап бойынша кінәлі деп танылды: Адам ұрлау;Кәмелетке толмаған баланы зорлау.
Оқиға жаз айларында болған. Қыздың отбасы шағын отбасылық жиын өткізіп жатқан. Қонақтардың қатарында бұрын сотталған ауылдас азамат та бар еді. Ол ата-анасына баланы дүкенге апарып, тәтті алып беретінін айтып, қызды ертіп кеткен.Бірақ ер адам да, қыз бала да ұзақ уақыт бойы оралмаған соң, ата-анасы полицияға хабар береді. Іздеу жұмыстарына тәртіп сақшыларымен бірге ауыл тұрғындары да қатысқан.Келесі күні екеуі орманды алқаптан табылған. Ер адам мас күйінде ұйықтап жатқан, ал бала өз-өзіне келмеген күйде болған. Бүлдіршін дереу ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның зорлық-зомбылық белгілері бар екенін растады (цензура).
Сот материалдарына сүйенсек, ер адам баланы тәтті беремін деп алдап, елсіз жерге апарып, оны заңсыз түрде ұстап,зорлаған.Сот қылмыскерді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Жазаны айрықша қауіпсіздік режиміндегі колонияда өтейді. Айыпталушы өз кінәсін мойындамаған.