Қоғам

Нұрсұлтан Досбосынов: «Ата-анамды сағынсам да, тыңдармандарымды қуантқым келеді»

Нұрсұлтан Досбосынов: «Ата-анамды сағынсам да, тыңдармандарымды қуантқым келеді»

Танымал айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың ұлы Нұрсұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба қалдырды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты alash.kz порталына сілтеп.

Ол Instagram-дағы ресми аккаунтында рэп жанрында өнерін байқап көруге бел буғанын айтып, ата-анасын қатты сағынатынын жеткізді. Сондай-ақ, әке-шешесін көрген аға-әпкелеріне амандық тілеп, жылы лебізін білдірді.

«Мен – Оразалы Досбосынов пен Ажар Түзелекқызының ұлымын. Қазіргі уақытта NRS деген атпен рэп орындап, тыңдармандарымды қуантуға ниеттімін. Сонымен қатар, блог жүргізіп, өмірімдегі маңызды сәттермен бөлісуді жоспарлап жүрмін. Қолдауларыңызды күтемін», – деп жазды Нұрсұлтан Досбосынов.

Барлық жаңалық