«Қазақмыс корпорациясы» Жезқазған өңіріндегі өндірістік және тұрмыстық инфрақұрылымды жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын қолға алды. Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Оңтүстік және Батыс Жезқазған кеніштеріндегі жұмыс сапарының қорытындысы бойынша еңбек жағдайын жақсартуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды шешім қабылдады деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Өндірістік активтерді жаңғырту аясында компания бұған дейін тиімділігін көрсете алмаған жабдықтардан толықтай бас тартты. Енді басымдық тек әлемдік жетекші өндірушілердің жоғары сапалы техникасына беріледі.
Бұл бағытта келесідей нақты қадамдар жасалды:
-
Өндірістік бөлімшелердің тұрақты жұмысы үшін өздігінен жүретін жабдықтарды жөндеуге бағытталды.
-
19 бірлік жаңа бұрғылау қондырғысын сатып алуға бөлінді (оның 8-і жыл соңына дейін жеткізіледі).
-
Өндірістік алаңдарға арналған 25 заманауи реанимобиль сатып алынды.
Кәсіпорын басшылығы жұмыскерлердің әлеуметтік және тұрмыстық жағдайына ерекше назар аударып отыр. Еңбек ұжымымен кездесу барысында жұмысшыларды арнайы киіммен, жеке қорғаныс құралдарымен және ыстық тамақпен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі нақтыланды.
Сонымен қатар бірқатар нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізіледі:
-
Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі №65 шахтаның тұрмыстық корпусы жаңартылады.
-
Ауданы 2,9 мың шаршы метр болатын әкімшілік-тұрмыстық комбинаттың шатыры күрделі жөндеуден өтеді.
-
Батыс Жезқазған кенішіндегі №73–75 шахталарының жылы өткелдері мен тұрмыстық кешендері ретке келтіріледі.
-
№67 шахтаның жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелері толықтай жаңартылады.
Бұған қоса ішкі жұмыс үдерістерін оңтайландыру мақсатында жаңа бастама қарастырылуда. Арнайы оқудан өткен қызметкерлер жоғары қысымды жуу аппараттарына өздері қызмет көрсетіп, сол үшін қосымша ақы алу мүмкіндігіне ие болмақ.