Қоғам

Жиналыста қарамағындағыларды балағаттаған теміржолшының қызметі өсті

Жиналыста қарамағындағыларды балағаттаған теміржолшының қызметі өсті
Жиналыста қызметкерлерін балағаттаған "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас директорының орынбасары Асан Үмбетовтың лауазымы жоғарылады, ол компанияның бас директоры болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен еншілес компанияларда кадрлық ауыс-түйіс болды:
 
Владимир Петров "ҚТЖ" ҰК" АҚ – "Тасымалдау процесінің дирекциясы" филиалының директоры;
 
Асан Үмбетов "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас директоры (басқарма төрағасы);
 
Сәкен Рахметов "ҚТЖ" ҰК" АҚ – "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының директоры – басқарушы директоры;
 
Марат Шәкенов "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы;
 
Дияр Нүсіпқожанов "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы (бас директоры);
 
Александр Ширяев "Қазтеміртранс" АҚ басқарма төрағасы (бас директоры) болды.
Еске сала кетейік, теміржолшылардың онлайн жиналысында басшылардың бірі қол астындағыларға дөрекі сөздер айтқаны жайлы видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырды. Біреулер сынаса, кейбірі қолдау көрсетті.
Барлық жаңалық