«Хабар» телеарнасындағы «Қоғам пікірі» бағдарламасында Жаңа адамдар жастар қозғалысының өкілдері балаларды қорғау мәселесін көтерді. Бағдарламада қоғам белсендісі әрі 124 азаматтық науқанының жетекшісі Қуаныш Алмат сөз сөйледі. Сондай-ақ Мәжіліс пен Сенат депутаттары мен заңгерлер де қатысып, пікір алмасты дпп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Жаңа адамдар қозғалысы өз азаматтық ұстанымдарын нақты жобалар мен науқандар арқылы көрсетеді. Солардың бірі балаларды қорғауға және педофилиямен күресуге бағытталған «124» азаматтық науқаны.
Эфир барысында балаларға қарсы қылмыс жасағандарды ғана емес, сондай-ақ күмәнді мінез-құлық танытқан, зорлық-зомбылыққа бейім әлеуетті педофилдерді де есепке алу қажеттілігі сөз болды. «124» науқанының басты мақсаты ерте әрекет ету жүйесін қалыптастыру,күдікті педофилдерді олардың басты артықшылығынан анонимділіктен айыру. Педофилдерді профилактикалық есепке алу заң мен тәртіп мәдениетін нығайтуға, қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам ретінде ұсынылды.
Жаңа адамдар қозғалысы нақты кейстер мен науқандар арқылы балаларды қорғауға және зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға атсалысады. Ұйым өкілдері азаматтық белсенділіктің жүйелі шешімдерге айналуы әлеуетті педофилдерді профилактикалық есепке алу, жауапкершілік пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру екенін атап өтті.