Қоғам

«Ғарышқа ешкімге айтпай алып кеттім»: Тоқтар Әубәкіров тосын әрекетін мойындады

«Ғарышқа ешкімге айтпай алып кеттім»: Тоқтар Әубәкіров тосын әрекетін мойындады

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров өзінің ғарышқа сапары туралы қызықты естелігімен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ғарышкердің айтуынша, ол сапарға ерекше мәні бар бірнеше затты бірге ала кеткен. Атап айтқанда, қасиетті Құран сүрелерін және Қорқыт ата жатқан жерден алынған топырақты арнайы қапшыққа салып алып шыққан.

Сонымен қатар, ол ешкімге айтпай, жұбайының банк карточкасын да өзімен бірге алып кеткенін жасырмады.

«Оралғаннан кейін әйеліме: “Таня, сен де ғарышта болдың” дедім. Ол “қалайша?” деп таңғалды. Сосын карточкасын көрсеттім. Сенің карточкаңда “Ғарыш кемесі” деген мөр бар дедім», – деп еске алды ғарышкер «Қайырлы кеш» бағдарламасында.

Барлық жаңалық