Қоғам

Ерлан Қарин мен Шэнь Хайсюн кездесті: Қазақстан мен Қытай медиа жобаларды бірлесе дамытпақ

Ерлан Қарин мен Шэнь Хайсюн кездесті: Қазақстан мен Қытай медиа жобаларды бірлесе дамытпақ

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қытай Медиакорпорациясының басшысы Шэнь Хайсюнмен кездесу өткізіп, екі ел арасындағы ақпараттық және мәдени ықпалдастықтың өзекті мәселелерін пысықтады деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Кездесу барысында тараптар былтыр Қазақстанда өткен «Silk Way Star» халықаралық тележобасының сәтті шыққанын ерекше атап өтті. Аталған байқаудың бірінші маусымы тек Қытайдың өзінде 1 миллиардтан астам қаралым жинап, нағыз хитке айналған. Биыл бұл ауқымды конкурс Қытайда жалғасын табады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ Ерлан Қарин елорданың мәдени өміріндегі тағы бір маңызды жаңалықты бөлісті. 2026 жылғы 1-3 қазан аралығында Астанада «Astana AI Film Festival» – жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы түсірілген фильмдердің алғашқы халықаралық фестивалі өтеді. Бұл шара заманауи технологиялар мен киноөнерінің тоғысқан бірегей алаңына айналмақ.

Барлық жаңалық