Шоу-бизнес

"Өліп қалғандай болдым": Тұрсын Алагөзовтің экс-жары ажырасуы жайлы айтты (ВИДЕО)

"Өліп қалғандай болдым": Тұрсын Алагөзовтің экс-жары ажырасуы жайлы айтты (ВИДЕО)

Кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтің бұрынғы жары Ләйсира Марат «Вслух о личном» подкастында ажырасудан кейінгі өміріндегі ауыр кезең туралы ашық әңгімеледі, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Оның айтуынша, некесінің аяқталуы өзіне өте ауыр соққы болған. Сол уақытта өмірден түңіліп кеткенін де жасырмады.

«Шынымды айтсам, сол кезде өмірден түңілгендей күй кештім. Өлгендей болдым. Бұл туралы кітабымда да жаздым. Қазір ол күндерді қайта еске түсіргім келмейді. Уақыт өте келе сол жағдайдың ата-анама қаншалықты ауыр тигенін түсіндім. Ешбір ата-анаға баласының мен өткендей қиындық көргенін тілемеймін», – деді ол.

Ләйсира Марат қандай да бір шешімнің салдары тек ерлі-зайыптыларға емес, балаларға да әсер ететінін айтты.

Сондай-ақ ол Тұрсен Алагөзовпен арадағы қарым-қатынасы жайлы әрдайым абайлап сөйлейтінін жеткізді.

«Біздің балаларымыз – үлкен махаббаттың жемісі», – деді ол.

Барлық жаңалық