Жаңалықтар

Астанада жолаушылар мінген автобус өртке оранды

Астанада жолаушылар мінген автобус өртке оранды

Астана қаласының Есіл ауданында қатынап жүрген маршруттық автобус отқа оранды. Төтенше жағдай Әл-Фараби даңғылының бойында болған. Тілсіз жау алдымен қоғамдық көліктің мотор бөлігінен тұтанған. Бұл туралы ozgeris.info сайты хабарлайды.

Қауіпті байқаған жолаушылар құтқарушылар келіп жеткенше салоннан өз бетінше аман-есен шығып үлгерген. Хабарлама түскен бойда оқиға орнына құзырлы ведомство бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел жетті.

Өрт сөндірушілер жалынның бетін тез қайтарып оны дер кезінде ауыздықтады. Мамандардың шапшаң әрекетінің арқасында қызыл жалын тұтас автобусқа таралып үлгермеді. Бұл жағдайда ешкім зардап шеккен жоқ.

Барлық жаңалық