Жаңалықтар

Министрлік Бибісара Асаубаеваның азаматтық ауыстыруына қатысты ақпарға нүкте қойды

Министрлік Бибісара Асаубаеваның азаматтық ауыстыруына қатысты ақпарға нүкте қойды

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев шахматшы Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыруы мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Тағы да қайталап айтқым келеді, Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл әңгімені кім және қандай мақсатпен көтергенін білмеймін. Бибісара – өз елінің нағыз патриоты. Ол – шахматта зор жетістіктерге жеткен көрнекті спортшы. Қазақстан тарихында алғаш рет қатарынан үш мәрте әлем чемпионы атанған шахматшымыз бар. Біз Бибісараны ерекше құрметтейміз.

Оның қаржыландыруға қатысты көтерген мәселелері шешімін тапты. Жақын арада Бибісара Астанаға келеді деп күтіп отырмыз. Сол кезде оған Мемлекет басшысының мемлекеттік наградасы салтанатты түрде табысталады, – деді вице-министр Үкімет кулуарында.

Бұған дейін қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа көмек сұрап үндеу жасаған болатын.

Барлық жаңалық