Жаңалықтар

Түркістан облысында 48 миллион теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

Түркістан облысында 48 миллион теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

Түркістан облысында кадастрлық құны 48 миллион теңге тұратын жер мемлекет меншігіне өтті. Жетісай ауданының прокуратурасы заңсыз иемденілген аумақтарды анықтады. Барлығы 11 жер телімі тәркіленді. Олардың жалпы аумағы 59 гектарды құрайды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Құзырлы орган өкілдері қараусыз қалған және мақсатсыз пайдаланылған учаскелерді үнемі қадағалап отырады. Кезекті тексеріс кезінде заң талаптарын бұза отырып берілген аумақтар әшкере болды. Осыдан кейін прокурорлық қадағалау актісі шығарылды. Құжат негізінде жерді қорғауға жауапты мемлекеттік мекеме сотқа талап арыз түсірді.

Сот істі жан-жақты қарап шығып даулы телімдерді қазынаға қайтару туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда сот актілері заңды күшіне енді. Жұмыс барысында заң бұзушылыққа жол берген жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура органдары мемлекет мүддесін қорғауды басты назарда ұстайды. Заңсыз кеткен мүлікті қайтару жұмыстары қатаң бақылауда болады.

Барлық жаңалық