Шоу-бизнес

“Өз күнәларыңмен айналысыңдар!”: Жұмабек Жанықұл ресми жауап берді

“Өз күнәларыңмен айналысыңдар!”: Жұмабек Жанықұл ресми жауап берді

Белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов бұрынғы жұбайының бейнеүндеуіне қатысты ресми жауап берді. Таңертеңнен бері тілшілер қауымы тыным таппай хабарласқан соң ол жағдайды біржола түсіндіруді жөн көрген, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Құқықтық мемлекетте кез келген дау әлеуметтік желіде емес тек сот залында шешілуі тиіс. Қазіргі уақытта бұрынғы әйелі ғаламтор арқылы сотқа қысым жасауға тырысып жатыр. Ер азамат бұл әрекетті мүлдем құптамайды. Десе де ол орын алған жағдайға барынша сабырмен қарайды.

Қазіргі сот процесі әйелдің шағымы негізінде өтіп жатыр. Дауға айналған құжаттарға ол осыдан үш жыл бұрын өз қолымен қол қойған. Сол кезде екі тараптың да қасында өте білікті қорғаушылар болды. Олар ортақ мәмілеге келіп нотариус алдында барлық қағазды заңды түрде бекіткен. Барлығы бейбіт түрде өткен.

Уақыт өте келе келіншектің райы қайтқан көрінеді. Енді бұл көңіл күйдің өзгеруіне сот тиісті бағасын бермек.

Ерлі-зайыптылардың ажырасқанына біраз уақыт болған. Әкесі келісімшартта көрсетілген барлық міндеттемені бұлжытпай орындап келеді. Ол перзенттерімен өте жақсы қарым-қатынаста екенін ерекше атап өтті. Оларды толық қамтамасыз етіп үнемі қолдау көрсетіп отыр. Бұл әкелік қамқорлық әрі қарай да махаббатпен жалғаса береді.

Бұл тақырыптан хайп ұстап оқырман жинағысы келетіндерге нақты ескерту жасалды. Мұндай әрекет адамның жеке өміріне қол сұғу болып есептеледі. Шулы оқиға отағасын аса алаңдатпағанымен балалар мен жақын туыстарға өте ауыр тиюі мүмкін. Сондықтан отбасылық мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарау сұралды.

Жағдайдың анық-қанығын білмей жатып тон пішетін сыншыларға да нақты жауап қайтарылды. Кәсіпкер ағылшын классигі Уильям Шекспирдің сөзін мысалға келтірді. Ол өзгенің күнәсін сынауға құмар жандар алдымен өздерінен бастаса өзгеге кезек жетпейтінін ескертті.

Барлық жаңалық