Жұмабек Жанықұлдың бірінші әйелі Жанна Маратқызының жазбасынан кейін журналист Динара Сәтжан наразылыққа ұшырады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ол өзінің жеке парақшасына Тұрсын Алагөзовтің ұлынан алған сұхбатын жариялаған.
«Бүгін менде Тұрсын Алагөзовтің ұлы Арсен Алагөзовпен сұхбат шығады. Әкесі оған аңызға айналған Шымкент сыра зауытын сеніп тапсырған. Бұл сұхбат тек бизнес туралы емес. Бұл – әке мен баланың арасындағы сегіз жылдық үнсіздік жайлы әңгіме», - деді Динара Сәтжан.
Осыдан кейін желі қолданушылары пікір алаңын жаулап алды.
“Айтыңызшы, Жаннадан да сұхбат аласыз ба?”, “Біз, Қазақстанның әйелдері мен халқы, Жанна Маратқызы Жанақұловадан сұхбат алуыңызды сұраймыз!”, “Жанақұловтың балаларынан да осылай сұхбат алмайсыз ба? Әлде күйеуіңіз алименттен қашып жүрген жоқ па? Ұят қой”, “Жұмабектің балаларынан да сұхбат алу керек, Динара”, “Бойкот”, “Әуелі өз отбасыңызды реттеп алсаңызшы. Жанақұловтың балалары көз жасын төгіп отыр”, “Динара ханым, арқаңыздан пышақ сұққандай болды. Бақытты болыңыз, бірақ біреудің өмірін тартып алып бақытқа жету мүмкін емес”, “Динара ханым, дана болыңыз. Баян ханым секілді күйеуіңіздің мүлкін өз балаларына бөліп беруіне ықпал етіңіз. Сіз оған қарап қалған жоқсыз ғой”, “Маған ешқашан ұнамайтын, бүгінгі жаңалық соның дәлелі болды”, “Айтыңызшы, қазіргі күйеуіңіздің бұрынғы әйелінің мәлімдемесіне не дейсіз? Ол бүгін ресми мәлімдеме жасап, әлеуметтік желіде жұрт қазіргі күйеуіңіз үлкен әділетсіздік жасап жатыр деп есептеп отыр”, “Ер адам бес баласының ақшасын жасырып, соттасып жүрсе, ол автоматты түрде сенімсіз адамға айналады”, “Жанақұлова Жаннадан сұхбат алмайсыз ба? Ақылды әйел күйеуіне бірінші некедегі балаларына активтерінің жартысын беруге кеңес берер еді”, “Егер сіз ақылды әрі дана болсаңыз, күйеуіңізге жаңа отбасы құрғысы келсе, алдымен бұрынғы өміріндегі мәселелерді абыроймен аяқтауға кеңес беріңіз.”