Жаңалықтар

"Қара бүркітке" тоғытылды: Яна Легкодимованы өлтіргендердің қай түрмеде отырғаны белгілі болды

"Қара бүркітке" тоғытылды: Яна Легкодимованы өлтіргендердің қай түрмеде отырғаны белгілі болды

Атыраулық Яна Легкодимованың өмірін қиған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді. Осы аптада қос қылмыскер 39 мекемеге жеткізілді. Бұл халық арасында "Қара бүркіт" деген атпен белгілі түрме. Аталған қапаста тек өмірлік жаза арқалағандар отырады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Осыған дейін сотталғандардың нақты қайда екені қоғамда түрлі сұрақ туындатқан. Тіпті "NeMolchiKZ" қоғамдық қоры Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне арнайы сауал жолдады. Құқық қорғаушылар Хайржанов пен Катимовтың Қостанайдағы 76 мекемеде жатқаны туралы сыбыстың ақ-қарасын ажыратып беруді сұраған болатын.

Бұған дейін құзырлы орган жәбірленуші тарапқа сот үкімінің заңды күшіне енгенін жеткізген. Яғни қылмыскерлердің тиісті жазасын қатаң түрде өтеп жатқаны туралы хабарланған. Алайда олардың басқа колонияда болуы мүмкін деген ақпарат елді дүрліктірді. Атыраулық бойжеткеннің өлімі кезінде тұтас қоғамдық резонанс тудырып әлі күнге дейін халықтың назарында тұр.

Қазіргі таңда қаскөйлердің нағыз өмірлік қапасқа қамалғаны расталды. Дегенмен оларды тасымалдаудың нақты күні мен уақыты туралы бейінді комитет әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Барлық жаңалық