Шоу-бизнес

"Бала туған соң ажырастым": Айжан Нұрмағамбетова отбасы жайлы алғаш рет айтты (ВИДЕО)

"Бала туған соң ажырастым": Айжан Нұрмағамбетова отбасы жайлы алғаш рет айтты (ВИДЕО)

Танымал әнші Айжан Нұрмағамбетова алғаш рет "Momskii angime" подкастына ашық сұхбат берді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Өнер иесі ел білмейтін отбасылық сырлары мен құпияларымен бөлісті. 

"Жап-жас кезімде ғашық болып, бір жігіт артымнан 3 жыл қалмай жүрген. Содан мен оны тастап, өзімнің бірінші жолдасымды көргенде 3 айда ғашық болып, тұрмысқа шыққанмын. Тұрмысқа шықтым, бала тудым. Бірақ көп тұрған жоқпыз. 3-4 жылдай тұрдық, ажырасып кеттік. Сонда маған айтқан әкемнің сөзі: "Мен сияқты азаматты іздеме. Ондай жоқ шығар", - деді. Шынымен де солай болды. Ал 40 жылдан бері қасымда жүрген жолдасым ол екінші жолдасым", - деді әнші. 

Көпшілік көптен бері көрінбей кеткен Нұрмағамбетованы қайта көргендеріне қуанышты екендерін жазды. 

"Айжан әрине қай жағынан болмасын мықты болды. Енді жасы бір жетпіске келген шығар", "Ең сүйікті әншім. Қазақстанға стиль, өзгеше шаш үлгісін, киім үлгісін киіп шыққан әнші", "Дұрыс айтады. әкеңдей бола алмайды бәрібір", - деп жазды оқырмандар.

Барлық жаңалық