Қоғам

«Аты жаман аурумен күресіп келеді»: Мереке Қалбаева оқырмандарын жылатып тастады

«Аты жаман аурумен күресіп келеді»: Мереке Қалбаева оқырмандарын жылатып тастады

Танымал блогер әрі актриса Мереке Қалбаева желідегі парақшасында жан тебірентерлік видеосын салды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Блогер Instagram желісіндегі ресми парақшасында жеңгесінің денсаулығы туралып айтып, оқырмандарын алаңдатып қойды.

"Біз жылап жүрміз. Туған күн иесі, жаныма жақын алтын адам – менің жеңешем жарты жылдан бері аты жаман аурумен күресіп келе жатыр. Алайда мен жеңешемнің бұл ауруды жеңетініне, аяққа нық тұрып кететініне сенемін. Бұйырса 100 жасын тойлап отырамыз", – деді Мереке Қалбаева.

Сондай-ақ ол өзінің оқырмандарына да қайырылып, жеңешесін құттықтап қоюды сұрады.

"Жанымызға жақындар аман болсын. Айдай сұлу жеңгемді туған күнімен құттықтап, ұзақ та хайырлы ғұмыр тілеп қойыңыздаршы, жандарым", – деді блогер.

Барлық жаңалық