Ақтауда орталық сумен жабдықтау тораптарындағы ауыз су деңгейін тұрақтандыру мақсатында 9 шілдеден, яғни бүгіннен бастап автокөлік жуу орталықтарының жұмысы мен жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды
Ozgeris.Info Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"МАЭК" ЖШС 08.07.2024 жылғы №21 телефонхатына сәйкес, Ақтау қаласының сыртқы ауа және теңіз температурасының жоғарылауына, сондай-ақ ауыз суды тұтыну көлемінің өсуіне байланысты орталық сумен жабдықтау тораптарындағы ауыз су деңгейін тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы барлық көлік жуу орталықтарының жұмысына және жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қойылады", — делінген хабарламада.
Қала әкімдігі "МАЭК" ЖШС 08.07.2024 жылғы №21 телефонхатына сәйкес, "Каспий жылу, су арнасы" МКК-ға көлік жуу орталықтарының жұмысына және жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қою жөнінде хат жолдаған.
"Осыған байланысты қала әкімдігі мен "МАЭК" ЖШС көлік жуу орталығының иелерінен түсіністік танытуды сұрайды", — деп қосты әкімдіктегілер.