АҚШ үкіметімен тығыз байланыста жұмыс істейтін «Orion Critical Mineral Consortium» (Orion CMC) америкалық инвестициялық консорциумы Қазақстан мен Өзбекстандағы критикалық минералдарды өндіру жобаларына белсенді түрде назар аудара бастады. Бұл туралы қордың жетекшілері беделді Reuters агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Қазіргі таңда Orion CMC Азия континентінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асатын үш жаңа келісім бойынша қызу келіссөздер жүргізіп жатыр. Инвесторлардың әлеуетті серіктестері қатарында түрлі тәуелсіз қорлар, мемлекеттік құрылымдар мен ірі жабдық өндірушілері бар. Консорциумның басты мақсаты – АҚШ пен Таяу Шығыста сәтті жұмыс істеп тұрған серіктестіктер қатарына инвестицияның үшінші, яғни Азия бағытын қосу.
«Orion Resource Partners» бас директоры Оскар Левновски бұл бағыттағы жұмыстардың шешуші кезеңге таяп қалғанын атап өтті. Оның сөзінше, азиялық нарық қор үшін стратегиялық маңызға ие.
«Азиялық үш контагентпен арадағы келіссөздеріміз айтарлықтай алға жылжыды, бұл біз үшін қазіргі басты басымдық болып саналады. АҚШ пен Таяу Шығыстағы істеріміз өте жақсы жүріп жатыр, дегенмен біз енді бұл қатарға азиялық инвесторларды да қосуды қалаймыз», — деп мәлімдеді бас директор.