Шоу-бизнес

"Мәңгілік махаббатым": Нұрғали Нүсіпжанов жас әйелін жетектеп ерекше жазба жариялады (ВИДЕО)

"Мәңгілік махаббатым": Нұрғали Нүсіпжанов жас әйелін жетектеп ерекше жазба жариялады (ВИДЕО)

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желіде қазақ өнерінің алыптарына тағзым етіп, олардың аманатын арқалап жүргенін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Өнер иесі көпшілік құрметіне ие болғанына шүкіршілік білдіріп, өмір жолында тәлім алған ұлы тұлғаларды ерекше ілтипатпен еске алды.

«Мәртебелі қазақ мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп келе жатқанымды елім жақсы біледі, еңбегімді бағалаған жұртым төбесіне көтеріп, төрден орын береді. Сол үшін тәубені көп айтам, әрине шүкіршілігім басым. Ән додасында оқ бойы озық шығып, оза шапқаным үшін өшпес өнердің отын жағып кеткен ұлы ұстазым Ахмет Жұбановтың әруағына басымды ием», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол жастық шағы қазақ өнері мен әдебиетінің көрнекті өкілдерінің ортасында өткенін айтып, олардың қарапайым болмысын үлгі ететінін жеткізді.

«Мен таныған ағалардың қай-қайсы да талантымен елді тамсандырған нағыз тарландар еді. Ғажабы, сол кісілер бүкіл елдің құрметін сезінсе де, маңғазданып биікке өрлемеген. Қазір мен көл-көсір еңбектерімен ел есінде қалған сол есіл ерлердің арттарында қалған шырақшысымын. Аманат арқалатып кеткен ағалардың асыл мұрасы менің мойнымда», – деді Нұрғали Нүсіпжанов.

Халық әртісі жазбасының соңында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиевпен қазақ өнерінің болашағы жайында пікір алмасқанын айтып, ұлттық мәдениеттің одан әрі өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Барлық жаңалық