Блогер Жұлдыз Жауынбаева TikTok парақшасындағы тікелей эфирде танымал әншілер туралы айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Бұл жолы ол әнші Заттыбек Көпболсынұлы туралы пікір білдірді.
"Заттыбек туралы не айтасың дейсіңдер ме? Мен Заттыбек ағаны өмірімде көрмегенмін. Бірақ жақсы көремін, күшті, хит қой. Мына жерде сол кісімен ән айтқан Еділ Ғаббас деген адам отыр. Көп музыканттардың ішіндегі тәуірі сол кісі", - деді ол.
Айта кетейік, танымал блогер бұған дейін Мейрамбек Бесбаев, Ғазизхан Шекебеков және Заңғар Нұртас туралы пікір білдірген еді.