Әлеуметтік желілерде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Кадрлар Telegram-арналардың бірінде жарияланған. Жазбада төбелес мұз айдынында болғаны және жас жігіттердің бірін кастетпен ұрғаны туралы ақпарат айтылған деп мәлімдейді Оzgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалған.
Полиция жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, бөлімшеге жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал жас адамдар арасында тұрмыстық себеппен туындаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция өкілдері жанжалға қатысқан әрбір адамның әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілетінін атап өтті.