«Қалаулым» бағдарламасы арқылы танылған Бауыржан Зорбайға қатысты даулы мәлімдеме желіде қызу талқыланып жатыр Ozgeris.info.
Кеше Айман Абдреева әлеуметтік желіде Бауыржан Зорбайдың үш жылдан бері заңды әйелі бар екенін біле тұра, онымен араласып жүргенін айтып, бүгінде бұл қарым-қатынасқа нүкте қойғысы келетінін жариялады.
Сондай-ақ ол не себепті кейбір қыздардың отбасылы ер адамдарға қызығатыны жөнінде өз пікірін білдірді. Айтуынша, үйленген еркектердің сырт келбеті мен өмір салтына көбіне олардың үйдегі әйелдері әсер етеді.
«Қандай киім киетінінен бастап, қандай парфюм қолданатынына дейін әйелі таңдап береді. Сол себепті ол басқа әйелдердің типажына сай келіп, ұнап қалады», – деді Айман.
Алайда бұл әңгіме қоғамда түрлі реакция туғызды. Кейінірек Айман мен Бауыржан бұл айтылғандардың барлығы әзіл мен хайп екенін айтып, жағдайды жұмсартуға тырысқан.
Дегенмен, Бауыржан Зорбайдың заңды әйелі бұл мәлімдемеге бейжай қарамады. Ол Instagram желісінде ашулы жазба жариялап:
«Бір отбасының шырқын бұзып, кейін оны “ойын” деп ақтау – жауапсыздық. Хайп керек болса, мен сендерге нағыз хайп жасатқызамын», – деп жазды.