Шоу-бизнес

"Aяғы істемей қалып жатыр": актер Меліс Наурызбековтің жағдайы алаңдатып отыр

"Aяғы істемей қалып жатыр": актер Меліс Наурызбековтің жағдайы алаңдатып отыр

"Өнер қырандары" театрының актері Меліс Наурызбеков денсаулығына байланысты төсек тартып жатып қалды. Бұл туралы театр директоры Мадияр Серікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.Info.

Оның айтуынша, актердің беліне ота жасалған. Дәрігерлер оған алты ай бойы қимыл-қозғалысты шектеуді ұсынғанымен, Меліс Наурызбеков гастрольдік сапарларға қатысуға мәжбүр болған.

"Меліс денсаулығына байланысты жатып қалды. Гастрольдің алдында операция жасатқан. Негізі алты ай жату керек еді. Бірақ концерттерге шықты. Талдықорғанға әрең барып келгеннен кейін ем қабылдады. Қазір қайтадан тұра алмай қалды. Концерттерге ауырсынуды басатын дәрі ектіріп шыққан. Белден төмен қарай аяғының жұмысы нашарлап жатыр", – деді Мадияр Серікбаев.

Театр басшысы көпшіліктен актердің сауығып кетуі үшін дұға етуді сұрады.

Барлық жаңалық