Шымкентте екі әйел Садраддин үшін шаш жұлысып, төбелесті (ВИДЕО)

Шымкентте әнші Садраддиннің тегін концертінде екі әйел шаш жұлысып, төбелесіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Концертте түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Онда алдымен екі әйелдің шаш жұлысып, төбелесіп жатқанын көруге болады. Ал тағы бір кадрда тағы бір әйел адам топтың ортасында тұрған кішкентай қыз баланың шашын жұлып алғаны түсіп қалған.

Шымкент қалалық Полиция департаменті оқиғаларға қатысты арыз түспегенін, алайда тегін концерт ұйымдастырғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Желі қолданушылары оқиғаға қатысты түрлі пікір білдірді.

«Осыдан кейін ештеңе тегін жасамау керек, сұмдық, ұят-ай», «Қазағым, қойсаңдаршы, болмайтын зат үшін қырылмай», «Өлді ма осы Садраддин болмаса», «Ұят жоқ, дардай әйелге не жоқ, ұят-ай, ел көріп тұр», — деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін әнші Садраддиннің концертіне жиналған жастар бірін-бірі таптап кеткені хабарланған болатын.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора