Түркіменстанды ұзақ жыл басқарған басшы Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы Сердар Бердімұхамедов 19 наурыздан бастап президент қызметіне кірісті, деп хабарлайды “ozgeris.info”
Инаугурация рәсімі Ашғабаттың «Рухыет» сарайында өтті.
«Бұл күн Отанның тәуелсіз бейтарап тарихына демократиялық құрылымның қайтымсыздығының белгісі болып, ерекше кезең ретінде енеді» деп жазды мемлекеттік TDH ақпараттық агенттігі салтанатты рәсім туралы хабарламасында.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, Түркіменстанды авторитарлы мемлекетке. Ал Ашғабат Freedom House ұйымының демократиялық даму рейтингісінде ең төменгі орындарда тұр.
Еске салайық, 12 наурызда өткен кезектен тыс президент сайлауының ресми нәтижесі бойынша Сердар Бердімұхамедов жеңіске жеткен. 2006 жылы билікке келген оның 64 жастағы әкесі ақпан айында жастарға жол беруге дайын екенін мәлімдеген. Бұдан соң елде мерзімінен бұрын президент сайлауы тағайындалды.
“ozgeris.info” порталы
ПІКІР ЖАЗУ