Әкімнің зәулім үйі желі қолданушыларының ашуына тиді

Қазнет қолданушылары Жамбыл облысындағы ауыл әкімінің зәулім үйіне наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды «ozgeris.info» «Tengrinews.kz»-ке сілтеме жасап.

Бірер күн бұрын әлеуметтік желіде Шу ауданына қарасты Жаңажол ауылы туралы шағын видео жарияланған болатын. Видео авторы ауылдың басты көшелерінің бірі мен онда орналасқан үйлерді көрсетеді. Кәдімгі ауылдық тұрғын үй құрылысына қоса, зәулім сарай көздің жауын алады. Оның сыртқы қабырғалары мен қоршауы қымбат қаптамалық материалмен жабылған, ал коттедждің өзі көрші ғимараттарға қарағанда екі-үш есе аумақты алып жатыр.

Үй осы ауыл әкіміне тиесілі екені атап өтілген. Түсініктемелерде қолданушылар бұл фактіні әртүрлі қабылдады.

«Жаңа мектептің орнына ол өзіне үй салып алды», «Қарапайым адам», «Дәл бес жұлдызды Хилтон сияқты», « Иә, барлық жерде солай: әкімнің үйі, сосын қалғандары », «Алматы облысы Алакөл ауданы әкімінің үйін көрмегенсіздер: салыстырмалы түрде бұл үй жазғы асханадай», «Бұл тұтас бір әкімдік емес, бұл бүкіл ауылдың бюджеті», — деп жазды желі қолданушылары.

Белгілі болғандай, зәулім үй шынымен де ауыл әкімінікі екен, бірақ бұрынғы әкім. Шу ауданындағы Ескішу және Жаңажол ауылдарының әкімдіктерін басқарған Жапарқұл Тәжиев 2020 жылдың маусым айынан бастап зейнеткерлікке шыққан. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімдігі хабарлады. Зәулім үйді бұрынғы әкім қандай қаржыға салғаны белгісіз.

 

 

«ozgeris.info»