Құлсары қаласында 20 үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр

 

Құтқарушылар қаладағы 2900 жекеменшік тұрғын үйден суды сорып алып шықты, деп хабарлады ТЖМ. Жұмыстар жалғасуда.

Кадрларда — жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен суды сорып алатын түркістандық құтқарушылар.

Атырау облысының эвакуациялық пункттерінде 585 адам, оның 279-ы балалар. 2024 жылғы 7 сәуірден бастап облыста жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталады.