Жыл басынан бері ішкі істер министрлігі іздеуде жүрген 633 қылмыскерді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Олардың ішінде 17 кісі өлтіруші, 15 тонаушы, 9 қарақшы, 7 бопсалаушы және 35 есірткі қылмыскері бар.
ІІМ криминалдық полиция департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов қылмыскерлерді іздеу тек Қазақстанда емес, шет елде де жүргізілетінін атап өтті.
Оларды ұстауға Интерпол көмектеседі. Биыл қаңтарда Анкара қаласында біз Түркияның ішкі істер министрлігімен және интерпол бас хатшылығымен кездесу өткіздік. Бүгінде Түркияда әр түрлі қылмыс жасап, іздеуде жүрген 12 қылмыскер ұсталды, – деді ол.
Қазақстан аумағынан тыс жерде барлығы 38 адам ұсталған. Оның ішінде Түркия, Испания, АҚШ, Швеция, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері, Польша және Ресей, Қырғызстан, Грузия және Өзбекстан елдері бар.
Шетелдік полиция үшін Қазақстан аумағында 150 қылмыскер ұсталды. Мысалы, Ресей Федерациясы үшін – 92 адам, Өзбекстан – 30 адам, Қырғызстан – 16 адам, Тәжікстан – 8 адам, Армения – 3 адам және Әзірбайжан – 1 адам.
Іздеуде жүрген қылмыскер Дубай қаласында ұсталып, елге әкелінді. Ол 2010 жылы банктен 300 миллионға жуық теңгені иемденген. Сондай-ақ Польшада тағы бір қылмыскер ұсталды. Ол 2016-2019 жылдары Астана қаласында бір компанияның бухгалтері болып жұмыс істеп, 400 миллион теңге жымқырған, – деді Қанат Нұрмағамбетов.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 259 адамның қайда жүргенін анықтады.
Фото: polisia.kz
ПІКІР ЖАЗУ