Инфантиноның қайта сайлану мүмкіндігі артты: КОНКАКАФ басшысы президенттікке түспейтін болды
ФИФА президенті Джанни Инфантиноның кезекті мерзімге қайта сайлану мүмкіндігі арта түсті. Солтүстік және Орталық Америка мен Кариб бассейні футболын басқаратын КОНКАКАФ конфедерациясының президенті Виктор Монтальяни ФИФА басшысы лауазымына үміткер болмай, өз қызметінде қалуды көздеп отыр. Бұл туралы BBC Sport басылымының спорт редакторы Дэн Роан, футбол жаңалықтарының бас тілшісі Саймон Стоун және футбол мәселелері жөніндегі тілшісі Дейл Джонсон хабарлады.
14:37, 09 қазан 2026