Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әншінің айтуынша, Ақерке есімді бойжеткенді Бекдәулет ата-анасымен бірге келіп, өз шаңырағына ұзатып әкеткен. Салт-дәстүрге сай жастарға отбасының үлкені ақ батасын берген.
«Ақерке қызымызды Бекдәулет ата-анасымен бірге келіп, шаңырағынан алып кетті. Анамыз ақ батасын берді. Кешке мейрамханада ұзату тойы өтеді. Баршамызға жұғысты болсын», – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Өнер иесі қуанышты сәттен түсірілген фотолар мен видеоларды да желідегі парақшасында жариялап, жас жұбайларға бақыт, баянды ғұмыр және берекелі отбасы тіледі.