Қатыгездікпен өлтірілген Нұрай Серікбайдың анасы сотта көз жасын ұстай алмады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол жауап алып тұрған сәтте сөйлей алмай қиналған.
"Сағымбекова Айгүл, 1973 жылы Шымкент қаласында туылған Қазақстан азаматымын. Нұрайдың анасы боламын", дейді ол еңкілдеп.
Осыдан кейін процеске қатысушылар жауап алуды кейінге шегеруді сұраған, алайда ол қазір жауап беретінін алға тартқан.
Желі қолданушылары марқұм Нұрайдың анасына қолдау білдіріп, түрлі пікір жазған.