Шоу-бизнес

"Екі адамның тағдыры бір емес": Жұлдыз Әбдікәрімова күтпеген жазба жариялады

"Екі адамның тағдыры бір емес": Жұлдыз Әбдікәрімова күтпеген жазба жариялады

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Актрисаның желіде көтерген тақырыбы көпшілік арасында қызу талқыға түскен. 

"Шексіз аспанның астында миллиардтаған адам өмір сүреді. Бірақ екі адамның тағдыры бірдей болмайды. Әркімнің өз жолы, өз уақыты, өз тағдыры бар.

Табиғат ешқашан бір ағашты екіншісіне ұқсатпайды. Жаратушы да адамды қайталамайды. Сондықтан өз жолыңды сүй. Өз уақытыңа сен. Өйткені сен де – Жаратушының ерекше ықыласпен жаратқан сүйікті пенделерінің бірісің", деп жазды ол. 

 

Барлық жаңалық