Көкшетау қаласында қайғылы жол апаты тіркеліп соңы күтпеген шешіммен аяқталды. Жергілікті тұрғын көлік тізгінін жүргізу құқығы мүлдем жоқ әйеліне сеніп тапсырған. Бұл жауапсыз әрекеттің арты ауыр қайғыға ұласты. Тәжірибесі жоқ келіншек жаяу жүргіншіні қағып өлтірді.
Осы қанды оқиғадан кейін көлік иесі С мырзаның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Заң талабы өте қатаң болатын. Ол қылмыстық кодекстің 349 бабының 3 бөлігі бойынша жауапқа тартылуы тиіс еді. Аталған бапқа сәйкес азамат үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы әбден мүмкін еді.
Алайда істің нүктесі мүлдем басқаша қойылды. Елімізде жаңа Конституцияның қабылдануына орай арнайы рақымшылық жарияланған болатын. Көкшетаулық азамат дәл осы кешірім актісіне ілігіп кетті. Нәтижесінде оған қатысты қозғалған қылмыстық іс толығымен тоқтатылды.