Желіде Динара Сәтжанның кеш жүргізіп тұрған видеосы тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Тележүргізуші үздік қас маманы туралы айтқан. Алайда желі қолданушылары оның "ерекше жағдайын" байқаған. Көпшілік жақында тұрмыс құрған Динара Сәтжанның жүкті екенін топшылаған.
"Маған солай көрініп тұр ма әлде шынымен жүкті ме", "Меніңше аяғы ауыр", "Бала күтіп жүр ме", "Динара жүкті", деп жазды олар.
Тележүргізушінің өзі бұл пікірлерге қатысты жауап берген жоқ.
Айта кетейік, Динара Сәтжан кәсіпкер Жұмабек Жанықұлға күйеуге шыққан болатын. Ол ЭКО арқылы бала көтеруден де қашпайтынын өз сұхбатында айтқан еді.