Спорт

Дастан Сәтпаев тоқтар емес: қазақ футболшысы "Челсиді" сүйреді

Дастан Сәтпаев тоқтар емес: қазақ футболшысы "Челсиді" сүйреді

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубы сапындағы жарқын ойынын жалғастырып, команданың екінші голына тікелей үлес қосты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

17 жастағы қазақстандық футболшы бұған дейін негізгі құрамдағы алғашқы кездесуінің бесінші минутында дебюттік голын соққан болатын. Енді ол шабуылдағы белсенді ойынымен тағы бір нәтижелі сәттің авторларының біріне айналды.

Kzsports мәліметінше, Сәтбаев «Челсидің» екінші голының соғылуына белсенді қатысып, қауіпті шабуылды ұйымдастыруға үлкен үлес қосты.

Осылайша, қазақстандық талант маусым алдындағы Австралиядағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы жолдастық кездесуде өзін ең үздік қырынан көрсетіп, лондондық клубтың бапкерлер штабы мен жанкүйерлерінің сенімін ақтай түсті.

17 жастағы шабуылшының негізгі құрамдағы сенімді ойыны оның «Челсидегі» болашағына қатысты үмітті одан әрі арттыра түсті.

Барлық жаңалық