Шоу-бизнес

"Құдайсыз қурай да сынбайды": Рүстем Жаныамановтың әйелі тұңғышын жоқтады

"Құдайсыз қурай да сынбайды": Рүстем Жаныамановтың әйелі тұңғышын жоқтады

Қазақстандық актриса Жанаргүл Жаныаманова өмірден өткен перзентін еске алып, желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол баласы туралы айтып, оның өміріндегі орны ерекше екенін жеткізді.

«Мәңгілік махаббатымыз! Мәңгілік сағынышымыз! 12 жыл өте мейірімді, ақылды, сұлу, талантты, дана тұлғаның ата-анасы болғанымызға Аллаға рахмет. Сен бізге ұстаз болдың, ұстаз болып қаласың, көп нәрсені үйреттің, әлі де үйретесің… Сен бізге мейірімділіктің, шыдамдылықтың, нағыз мұсылмандылықтың үлгісін көрсеттің…», – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол тағдырдың жазуына деген сенімін білдіріп, баласымен рухани байланысының үзілмегенін айтты.

«Емдеу барысына қатысты көкейімде жауапсыз қалған сұрақтар бар, бірақ “Құдайсыз қурай да сынбайды” демек бұл сынақта Жаратушының бір хикметі бар. Баламыз өмір сүруін тоқтатқан жоқ, мәңгілік өмірге бізден бұрын оралды. Біздің қарым-қатынасымыз үзілген жоқ, ата-ана ретіндегі міндетіміз де аяқталған жоқ. Ол қазір үйде, керісінше біз қонақтамыз…», – деді Жанаргүл Жаныаманова.

Барлық жаңалық