Шоу-бизнес

"Иманбаеваның ұлы келмеді": Алтынай Жорабаева қызының ұзатуы туралы айтты

"Иманбаеваның ұлы келмеді": Алтынай Жорабаева қызының ұзатуы туралы айтты

Әнші Алтынай Жорабаеваның тұңғыш қызын ұзатқан видеосы желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Алтынай Жорабаева қызын ұзатқан кадрларды парақшасында бөлісіп отырды. 

"Бес қызым, әрдайым бір-біріңе сүйеніш, қуаныштарың ортақ, жүректерің мейірімге толы болсын. Достықтарың уақыт өткен сайын беки түсіп, әрқайсыңның өмірлеріңе береке, бақыт, денсаулық пен мол ризық нәсіп етсін. Алла тағала әр армандарыңа жеткізіп, жүздеріңнен күлкі, жүректеріңнен тыныштық кетірмесін. Әрқашан аман болып, бір-біріңе тірек болып жүріңдер", деп жазды ол. 

Желі қолданушылары танымал әншінің үйінде болып жатқан тойды қызу талқыға салды. 

"3-шi, 4-шi қыздар әкелеріне ұқсайды екен. Айгүл Иманбаеваның ұлы келмеген бе? Ең үлкен ағалары ғой. Алтынайға Алла күш қуат берсін, керемет. Батыр ана, қыздарды ешкімнен кем қылмай осындай жағдайға жеткізген", деп жазды Threads қолданушысы. 

Барлық жаңалық